⚜️«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Жүсіпбек Аймауытов- Алаштың айбынды тұлғасы» атты тарихи-танымдық кеш болып өтті.

Шараға колледждің ЭС-23-0, ТЭ-23-01, ТЭ-23-03, ВТ-23-03, НО-23-0 оқу топтарының білім алушылары, колледж оқытушылары, Қызылорда қалалық №6 кітапхана филиалының кітапханашылары қатысты.

Білім алушылар Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», «Қартқожа» , «Күнікейдің жазығы» , «Әнші» , «Елес» , туындыларынан үзінділер оқып, әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының тұрмысы төмен кедей шаруалардың тіршілігін суреттеп, сол ортада өскен қазақ қызының өз теңдігі үшін күрескені туралы баяндады.

Ұлт бостандығы жолында қызмет еткен қайраткерінің жастарды қамқорлыққа алып, білімге, еңбекші тапты еңбек етуге, бостандық үшін күресуге шақырған шығармалары талданып, білім алушылар өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.
Ж. Аймауытұлының поэзиялық туындыларынан туған, табиғат көрінісі мен жылдың мезгілдерін аса көркемдікпен суреттеген жазушы өлеңдерін білім алушылар мәнерлеп оқыды.

Кеш соңында Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Халқым деп соққан жүрегі» атты слайд көрсетіліп, «Жүсіпбек Аймауытов-Алаштың айбынды тұлғасы» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.

Іс-шара мақсаты- білім алушыларды қазақ зиялыларының өмірі мен шығармаларымен жете танысып, ізденімпаз, шығармашыл болуға, көркем әдебиетті оқуға, адамгершілік - рухани дүние танымын байыта білуге баулу.

WhatsApp_Image_2024-01-30_at_15.11.02.jpeg